«Қайрат» клубы Боранбаевтың айтқан сөзіне байланысты мәлімдеме жасады

05.10.2020, 02:06
Күні кеше Боранбаев ҚФФ мен ҚКФЛ басшыларының ауысқанын қалайды деген ақпарат шыққан еді.
«Қайрат» клубы Боранбаевтың айтқан сөзіне байланысты мәлімдеме жасады

Алматылық «Қайрат» ресми мәлімдеме жасап, онда клуб президенті Қайрат Боранбаевтың қазіргі КФФ мен ҚКФЛ басшылығын ауыстырғысы келетіндігі туралы хабарды жоққа шығарды.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Қайрат Боранбаев «Қайраттың» ардагері Сейілда Байшақовтың мерейтойын атап өту кезінде ҚФФ мен ҚКФЛ басшылығын ауыстырғысы келетіндігі туралы айтты деген жаңалықтар пайда болды.

"Қайрат" футбол клубы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын ресми түрде хабарлайды. БАҚ өкілдерінен клубтың баспасөз қызметіне жүгінуді, тексерілмеген ақпаратты таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз», - делінген клубтың ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×