«Қайрат» көшбасшы ойыншысынан айырылуы мүмкін

09.06.2021, 04:09
Сербиялық қорғаушы негізгі құрамның тұрақты ойыншысы болып табылады.
«Қайрат» көшбасшы ойыншысынан айырылуы мүмкін

Сербия чемпионы "Црвена Звезда" "Қайраттың" 28 жастағы қорғаушысы Раде Дугаличке қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Republika басылымы.

"Неманья Милунович "Аланьяспорға" еркін агент ретінде кетті. Дугаличтің бойы 194 сантиметрді құрайды, ал оның негізгі ерекшелігі - "екінші қабатта" жақсы ойнайды", - деп жазады сербиялық сайт.

Раде Дугалич "Қайрат" сапында 2019 жылдың қаңтарынан бастап ойнап жүр. Ол осы күнге дейін алматылық клуб сапында 65 матч өткізіп, 7 гол соқты, 2 нәтижелі пас берген.

Сербиялық қорғаушының "Қайратпен" келісім-шарты 2022 жылдың желтоқсанына дейін жасалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×