Вахид Масудов: «Мен «Ақтөбеге» бұрынғы дәстүрлерін қайтарғым келеді»

09.06.2021, 03:35
«Ақтөбе» келесі турда «Атыраумен» кездеседі.
Вахид Масудов: «Мен «Ақтөбеге» бұрынғы дәстүрлерін қайтарғым келеді»

 "Ақтөбеге" бас бапкер ретінде тағайындалған Вахид Масудов клубтың алға қойған мақсаттары жайлы әңгімеледі:

- Вахид Юнусұлы, "Ақтөбеге" бас бапкер болғаныңыз құтты болсын, осы туралы ойыңызбен бөліссеңіз

 - Жылы лебіздеріңіз үшін көп рахмет. Мұндай клубты қабылдағанда оның керемет дәстүрлерін білу арқылы сіз қайда келгеніңізді жақсы түсінесіз. Ия, бұл кезеңде белгілі бір мәселелер бар, бірақ соған қарамастан, мен командаға жеңіске жеткен сәттегі және жанкүйерлер футболдан ләззат алған кездегі керемет дәстүрлерін қайтарғым келеді.

 - Сіздің қандай жоспарларыңыз бар және басшылық сіздерге қандай міндет қойды?

 - Басшылықтың қоятын міндеттері айқын - турнирлік кестенің ортасына жайғасу және мүмкіндігінше жоғары көтерілу. Менің ойымша, бұл біздің команда үшін нақты міндет, қазір команда ішінде талдау жасау қиын, өйткені жарақат алғандар көп. Қазір жаттығу процесін қайта құрдық, біз жігіттердің физикалық және психологиялық жағдайының жақсы деңгейде болуы үшін бәрін жасаймыз, бұл жеңіске жету жолында өте маңызды бооып табылады.

- Клуб жанкүйерлеріне не айтасыз?

- Мен "Ақтөбе" футбол клубының жанкүйерлерін жақсы білемін. Олар өте жақсы футбол атмосферасын жасайды. Бұған Қазақстан мен Бельгия жастар құрамаларының матчын көру арқылы тағы бір рет көз жеткіздім.

Мен "шыдамды болуымыз керек" деп айтқым келмейді, өйткені оған уақыт жоқ. Командамен жоспарлағанның бәрін және алдымызда тұрған міндеттерді орындауға тырысамыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×