«Қайрат» маңызды матч алдында негізгі қақпашысынан айырылды

27.07.2021, 03:19
Жеңісті голдың авторы Маки Баньяк та бұл ойынға қатыспайды
«Қайрат» маңызды матч алдында негізгі қақпашысынан айырылды

"Қайрат" футбол клубы "Црвена Звездаға" қарсы жауапты матч алдында жарақат алған футболшылардың жағдайы туралы мәлімдеме жасады.

"Сербияға ұшар алдында "Қайрат" клубының қақпашысы Стас Покатиловтан коронавирустың белгілері табылды. 

Сонымен қатар ЖРВИ симптомдарымен "Црвена Звездамен" болған алғашқы матчтан кейін Маки Баньяк клубтың медициналық қызметіне жүгінді.

Айбол Әбікен мен Хосе Канте матчқа әдеттегідей дайындалуда", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 28 шілдеде өтетін маңызды ойында Жоао Пауло мен Небойша Косович те командасына көиектесе алмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×