Қазақстан құрамасының қорғаушысы Армения чемпионатында өнер көрсетпек

27.07.2021, 12:03
Армения чемпионаты бұл ойыншы үшін таңсық емес.
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Армения чемпионатында өнер көрсетпек

Қазақстандық футболшы Тимур Рудосельский армениялық "Севан" клубына ауысады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Севан қаласының атынан өнер көрсететін бұл команда 2018 жылы жасақталды және өткен маусымның қорытындысы бойынша чемпионаттың жоғарғы дивизионына өтті.

26 жастағы қорғаушы осы маусымды "Қайсар" сапында бастады. Бірақ көп ұзамай қызылордалық клубтан кетіп қалды.

Өткен маусымда Рудосельский Армения чемпионатында "Лори" клубының намысын қорғаған болатын. Клуб көшбасшылар қатарында жүрді, ал Тимур өз позициясының үздік ойыншысы деп танылды, бірақ содан кейін Ванадзор қаласының командасы жергілікті федерациямен болған қақтығыс салдарынан турнирден бас тартуға мәжбүр болды.

Рудосельский - "Қайраттың" тәрбиеленушісі, ол алматылық клуб үшін 60 матч өткізген. Одан бөлек, Израильдің бірінші дивизионында "Хапоэль" (Петах Тиква), "Жетісу" және "Оқжетпес" командаларында ойнады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×