«Қайрат-Мәскеу» алғашқы матчында жеңіске жетіп, Ресей Кубогінің келесі кезеңіне шықты

15.07.2021, 15:21
Бұл «Қайрат-Мәскеудің» тұсаукесер ойыны еді.
«Қайрат-Мәскеу» алғашқы матчында жеңіске жетіп, Ресей Кубогінің келесі кезеңіне шықты

"Қайрат-Мәскеу" Ресей Кубогінің 1/256 финалында "Квант" клубын 3:0 есебімен жеңді.

Ойынның 73-минутында есеп ашқан Вячеслав Швырев ойынның аяқталуына төрт минут қалғанда дубль жасады. Ал үшінші голды 78-минутта Абдулла өз еншісіне жазды.

"Қайрат-Мәскеудің" негізгі құрамы: Ульянов; Эмиров (к), Қасабұлат, Ткаченко, Пряхин; Крачковский, Савинов, Әлімжан; Абдулла, Швырев, Маделхан.

1/128 финалда "Қайрат-Мәскеу" Обнинск қаласының атынан шығатын "Калуга" командасымен ойнайды. Матч 28 шілдеде өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×