«Шахтер» франциялық қорғаушымен толықты

15.07.2021, 19:11
Бұл футболшы қарағандылық клубтың жанкүйерлеріне жақсы таныс.
«Шахтер» франциялық қорғаушымен толықты

"Шахтер" француз қорғаушысы Абдель Ламанжбен келісім-шартқа отырды.

Абдель өткен жылы қарағандылық клубта ойнады және Конференция лигасына жолдама алуға көмектесті. 30 жастағы қорғаушы өткен маусымда 17 матч өткізіп, 2 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді.

Абдель Ламанж - "Стасбург" футбол мектебінің түлегі. Ойыншының алғашқы кәсіби клубы франциялық "Гренобль" болды. Одан бөлек "Шинник", волгоградтық "Ротор" және "Атырау" сияқты командалардың намысын қорғады. Ал осы маусымда румыниялық "Астра" клубында өнер көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×