«Қайрат-Мәскеу» ФНЛ-2-нің 15-турында Санкт-Петербургтің «Зенит-2» командасын 3:0 есебімен ұтты.
Ойынның 22-минутында 19 жастағы қазақстандық футболшы Лев Кургин тікелей бұрыштама добынан гол соқты. Одан бөлек, 68-минутта Сергей Пряхин көзге түсті, ал 80-минутта Илья Скроботов өз қақпасына гол соғып алды. Кездесудің 83-минутында Дамир Қасаболат екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.
«Кайрат-Мәскеу»: Вадим Ульянов (қ) – Лев Кургин, Дамир Қасаболат, Сергей Киряков – Рустам Эмиров (к) (Әлібек Жұмабек 26), Антон Крачковский, Сергей Пряхин – Айбар Абдулла, Байжан Мәделхан (Ваагн Айрапетян 66), Ален Айманов (Данияр Әлімжан 51).
18 ұпаймен «Қайрат-Мәскеу» турнирлік кестеде бесінші орында тұр. Евгений Коструб шәкірттері келесі кездесуін 14 қазанда Санкт-Петербургтік «Звездаға» (13 ұпай, алтыншы орын) қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: FONBET