«Қайрат-Мәскеу» Ресей чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

08.08.2021, 03:19
Бесінші ұпайына ие болған Коструб шәкірттері екінші орынға көтерілді.
«Қайрат-Мәскеу» Ресей чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Мәскеулік "Қайрат" ФНЛ-2 турнирінің төртінші турында "Луки-Энергия" командасын 3:0 есебімен ұтты. Қазақстандық шабуылшы Вячеслав Швырев дубль жасады (47, 69-минутта), ал қосымша уақытта Байжан Мәделхан ойынның нүктесін қойды.

"Қайрат-Мәскеудің" негізгі құрамы: Вадим Ульянов (қ) - Сергей Киряков, Дамир Қасаболат, Егор Ткаченко, Лев Кургин - Рустам Эмиров (к) (Айбар Абдулла 42), Антон Крачковский, Данияр Әлімжан (Ваагн Айрапетян 78) - Никита Мацхарашвили (Байжан Мәделхан 63), Сергей Пряхин, Вячеслав Швырев;

Қазіргі уақытта "Қайрат-Мәскеу" бес ұпаймен өз тобында екінші орынға көтерілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×