Мәскеулік ЦСКА командасы өзінің үш тәрбиеленушісін «Қайрат-Мәскеу» клубына жібергенін жариялады, деп хабарлайды KazFootball.kz.
19 жастағы орталық жартылай қорғаушы Антон Крачковский, 19 жастағы шабуылдаушы жартылай қорғаушы Андрей Савинов және 19 жастағы вингер Сергей Пряхин «Қайрат Мәскеу» клубына жалға берілді.
Айта кетейік, ФНЛ-2 деп аталатын үшінші ресейлік дивизионның ережелеріне сәйкес, команданың өтінімінде Ресей азаматтығы бар 8 ойыншы болуы керек.
«Қайрат-Мәскеу» алғашқы кездесуін 18 шілдеде сырт алаңда «Ленинградец» клубына қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: FONBET