«Қайрат-Мәскеудің» Ресей Кубогінің топтық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

13.08.2021, 23:51
Қарсылас атанған екі командада да Қазақстан құрамасының ойыншылары доп тебеді.
«Қайрат-Мәскеудің» Ресей Кубогінің топтық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Бүгін 2021/22 жылғы маусымдағы Ресей кубогінің топтық кезеңінің жеребесі тартылды. «Қайрат-Мәскеу» бұл кезеңде құрамында Марат Быстров өнер көрсететін грозныйлық «Ахмат» және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткин ойнайтын волгоградтық «Ротормен» күш сынасады.

Топтық кезең тек бір айналымнан тұрады. Командалар төменгі лига өкілдерінің алаңында бір матчтан өткізеді. Он бір жеңімпаз келесі кезеңге өтеді. Плей-офф кезеңінде оларға осы маусымда еурокубок додасына қатысатын 8 РПЛ командасы қосылады.

7 -топ:

1 -тур. 25-26 тамыз: «Қайрат» - «Ротор»;

2 -ші тур. 22-23 қыркүйек: «Қайрат» - «Ахмат»;

3 -тур. 27-28 қазан: «Ротор» - «Ахмат».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×