Марин Томасов «Астананың» еурокубоктегі үздік ассистенті атанды

13.08.2021, 23:11
Марин кешегі ойында үш нәтижелі пас беріп, Дмитрий Шомконы басып озды.
Марин Томасов «Астананың» еурокубоктегі үздік ассистенті атанды

Марин Томасов «Астананың» еурокубоктардағы үздік ассистенті атанды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Финляндиялық КуПС-қа қарсы кездесуде «Астананың» жартылай қорғаушысы команданың барлық үш голына да ат салысты.

Елордалық команда сапында Марин еурокубок додаларында жалпы саны 12 нәтижелі пас берді. Осылайша, ол «Астананың» еурокубок тарихындағы үздік ассистенті атанды. Бұған дейінгі рекорд 9 нәтижелі пас берген Дмитрий Шомкоға тиесілі еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×