Чемпиондар Лигасында әр позиция бойынша үздік ойыншы атағына ұсынылған үміткерлердің есімі белгілі болды

13.08.2021, 22:41
Жеңімпаздарды 32 клубтың бапкері мен іріктеліп алынған 55 журналист таңдайды.
Чемпиондар Лигасында әр позиция бойынша үздік ойыншы атағына ұсынылған үміткерлердің есімі белгілі болды

УЕФА Чемпиондар Лигасының әр позициясы бойынша үздік ойыншылар атағына таласатын футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі. Әр лауазымға үш үміткерден ұсынылды.

Қақпашылар: Тибо Куртуа («Реал Мадрид»), Эдерсон («Манчестер Сити»), Эдуард Менди («Челси»);

Қорғаушылар: Сезар Аспиликуэта («Челси»), Рубен Диаш («Манчестер Сити»), Антонио Рюдигер («Челси»);

Жартылай қорғаушылар: Кевин Де Брюйне («Манчестер Сити»), Жоржиньо («Челси»), Н'Голо Канте («Челси»);

Шабуылшылар: Эрлинг Холанд («Боруссия Дортмунд»), Роберт Левандовски («Бавария»), Килиан Мбаппе (ПСЖ).

Қазылар алқасының құрамына өткен маусымда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнаған 32 клубтың жаттықтырушылары, сондай-ақ Еуропалық спорттық басылымдар қауымдастығы (ESM) таңдаған УЕФА-ның барлық ассоциацияларынан 55 журналист кірді. Айта кетерлігі, бапкерлер өз командасының ойыншыларына дауыс бере алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×