«Қайрат» пен «Астана» УЕФА рейтингінде жоғары көтерілді

13.08.2021, 22:04
«Шахтер» келесі кезеңге өткеніне қарамастан бір сатыға төмендеді.
«Қайрат» пен «Астана» УЕФА рейтингінде жоғары көтерілді

Еуропа лигасы мен Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі ойындардан кейін УЕФА рейтингі жаңартылды.

«Астана» екі сатыға жоғарылады және қазір 60-шы орында тұр. «Қайрат» бірден 25 сатыға, яғни 139-дан 114-орынға көтерілді. Ал «Тобыл» екі позицияға төмендеді. «Шахтер», сондай-ақ «Қайсар», «Ордабасы» және «Ертіс» клубтары бір сатыға төмен жылжыды.

УЕФА клубтарының жаңартылған рейтингі:

1. (1) «Бавария» (Мюнхен, Германия) - 116 000;

2. (3) «Манчестер Сити» (Манчестер, Англия) - 111 000;

3. (9) «Ливерпуль» (Ливерпуль, Англия) - 105 000;

4. (4) «Барселона» (Барселона, Испания) - 103 000;

5. (11) «Челси» (Лондон, Англия) - 102 000;

6. (2) «Реал Мадрид» (Испания) - 98 000;

7. (8) ПСЖ (Париж, Франция) - 97 000;

8. (7) «Манчестер Юнайтед» (Манчестер, Англия) - 91 000;

9. (5) «Ювентус» (Турин, Италия) - 91 000;

10. (6) «Атлетико Мадрид» (Испания) - 90 000;

43. (45) ЦСКА (Мәскеу, Ресей) - 33 000;

60. (62) «Астана» - 20 500;

114. (139). «Қайрат» - 11000;

239 (237). «Тобыл» - 4 500;

333. (332). «Шахтер» - 2500;

334. (333). «Қайсар» - 1500;

335. (334) «Ордабасы» - 2750;

336. (335). «Ертіс» - 1500.

* Алдыңғы рейтингтегі орындары жақшаларда көрсетілген.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×