«Еларнадан» Алматының Орталық стадионында өткен «Қайрат» - «Астана» кездесуі басталғаны сол еді, елордалық клубты Қайрат Нұрдәулетов емес, Мұхтар Мұхтаровтың алаңға бастап шыққанын көрдік.
Кеше футболдан Қазақстан премьер-лигасының төртінші тур ойындары аяқталды. «Еларнадан» Алматының Орталық стадионында өткен «Қайрат» - «Астана» кездесуі басталғаны сол еді, елордалық клубты Қайрат Нұрдәулетов емес, Мұхтар Мұхтаровтың алаңға бастап шыққанын көрдік. Команда капитанының қосалқы құрам ойыншылары арасында да жоқтығына көз жеткізген соң, Нұрдәулетовке не болды деген ой мазалады. Еліміздегі беткеұстар футболшылардың бірі саналатын Қайраттың не себепті кешегі матчқа шықпағаны туралы «Астана» футбол клубының ресми сайтында да еш ақпарат бермепті.Әрине, ешкімді бөліп-жармаймыз. Бірақ, қазақ футболының жанкүйері болған соң, әрбір матчта қазақ жігіттерінің алаңға көбірек шығып, қазақ жігіттерінің көбірек гол соққанын тілеп отыратынымыз рас. Осыдан соң Қайраттың өзіне телефон шалғанбыз. Ол кішігірім жарақат алып қалғандықтан, кешегі матчқа қатыса алмапты.
- Өткен ойында аздап жарақат алғанмын. Жаттығу кезінде жарақатымды сәл асқындырып алдым. Сол себепті, бапкерлер құрамы «Қайратпен» болған ойынға қатыстырмауды жөн көрді. Бұйырса, келесі матчқа дейін жазылып кетермін, - деп жауап берді Қайрат телефоннан. Біз өз кезегімізде ұлттық құрама капитанының тезірек сауығып кетуін тілейсіз. алаш аренаБіздің серіктес: FONBET