«Қайрат» өз алаңында «Ақжайықты» еш қиындықсыз жеңді

04.10.2021, 00:56
Жоао Пауло «Қайрат» сапындағы алғашқы голын соқты, «Ақжайық» та бір голсыз кетпеді.
«Қайрат» өз алаңында «Ақжайықты» еш қиындықсыз жеңді

Қазақстан Премьер-лигасының 23-турында "Қайрат" "Ақжайықпен" күш сынасты. Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 3:1 есебімен аяқталды.

Кездесудің 17-минутында Жоао Пауло көзге түсті. Бұл бразилиялық шабуылшының "Қайрат" жейдечіндегі алғашқы голы. 30-минутта Гүлжігіт Алықұловтың пасын ұтымды пайдаланған Небойша Косович командасының есептегі басымдығын арттырды. Ал 62-минутта Артур Шушеначев үшінші голды соқты. Бірақ ойынның аяқталуына бір минут қалғанда Лука Имнадзе жұбаныш голын соғып, есеп айырмасын қысқартты.

Үш ұпайды қоржынға салған "Қайрат" үшінші орынға тұрақтады (44 ұпай). Оралдық клуб жетінші орынға жайғасты (30 ұпай).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×