«Қайрат» пен «Ордабасының» Еуропа Лигасындағы алғашқы қарсыластары белгілі болды

10.08.2020, 22:30
«Қайрат» пен «Ордабасы» алғашқы матчты өз алаңында ойнайды.
«Қайрат» пен «Ордабасының» Еуропа Лигасындағы алғашқы қарсыластары белгілі болды

УЕФА-ның Ньон қаласындағы штаб-пәтерінде өткен жеребе нәтижесі бойынша алматылық «Қайрат» Армениялық «Ноа» клубына қарсылас атанды. Жеңімпаз 27 тамызда «Қайрат» клубының алаңында өтетін бір матчтың нәтижесі бойынша анықталады. ⠀

Шымкенттік «Ордабасы» румыниялық «Ботошани» командасымен ойнайды. Матч 27 тамызда Румынияда өтеді. ⠀

Еуропа лигасының іріктеу ойындары көрермендерсіз өтеді. Қажет болса, қосымша уақыт тағайындалады және пенальти сериясы да болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×