Шетелдік клубта өнер көрсететін Қазақстандық ойыншылардың Еуропа Лигасындағы қарсыластары анықталды

10.08.2020, 22:52
Бұл екі ойыншыда ұлттық құрамаға ену үшін керемет мүмкіндік бар.
Шетелдік клубта өнер көрсететін Қазақстандық ойыншылардың Еуропа Лигасындағы қарсыластары анықталды

Қазақстандық шабуылшы Самат Сарсенов өнер көрсететін Латвиялық «Валмиера» клубы Еуропа лигасына іріктеудің бірінші кезеңінде Польшалық «Лех» командасымен кездеседі. Ойын 27 тамызда көрерменсіз өтеді.

Сондай-ақ, қазақстандық қорғаушы Карам Сұлтанов жазда әзірбайжандық «Сумгаит» клубына ауысқан еді. Оның клубы 27 тамызда өз алаңында Солтүстік Македониядан келген "Шкендианы" қабылдайды.

Айта кетейік, өткен маусымда "Валмиера" мен "Сумгаит" өз чемпионаттарын төртінші орынмен аяқтады, ал "Шкендия" мен "Лех" қола жүлдеге қол жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×