Қазақстан Кубогінің 1/4 финалындағы «Қайрат» пен «Қайсар» және «Тараз» бен «Шахтер» арасындағы ойындар кейінге қалдырылды.
«Қайрат» пен «Шахтер» клубтарының УЕФА Конференция Лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсетуіне орай және тығыз ойын кестесіне, Люксембург пен Израильге ұзақ уақыт ұшуына байланысты, «Қайрат» - «Қайсар» және «Тараз» - «Шахтер» жұптарының алғашқы ойындары 22 қыркүйекте өтеді, ал қарымта кездесулер - 27 қазанға жоспарланған», - делінген ҚКФЛ жасаған мәлімдемеде.
Айта кетейік, «Қайрат» 26 тамыз күні Алматыдағы Орталық стадионда «Фола» командасын қабылдайды. Ал «кеншілер» Израильге қонаққа барады.
Біздің серіктес: FONBET