«Тобыл» команда капитанына қатысты мәлімдеме жасады

21.08.2021, 16:35
Күні кеше Азаттың берілген сыйақыға көңілі толмағандықтан алаңға шықпай жүргені хабарланған еді.
«Тобыл» команда капитанына қатысты мәлімдеме жасады

Қостанайлық «Тобыл» команда капитаны Азат Нұрғалиевке қатысты мәлімдеме жасады. Күні кеше Азаттың берілген сыйақыға көңілі толмағандықтан алаңға шықпай жүргені хабарланған еді.

«Жақында кейбір БАҚ өкілдері «Тобыл» ФК капитаны Азат Нұрғалиев спорттық емес себептерге байланысты соңғы матчтарға қатыспады деген ақпарат жариялады.

Біз бұл хабардың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз.

Біздің капитанға келетін болсақ, ол «Атырауда» ойын алдындағы жаттығу кезінде бұлшықеттерінен кішкене ауырсыну сезінген. Клубтың медицина қызметкерлері оны алдағы кубок пен ұлттық құрама матчтарына сақтау туралы шешім қабылдады. Бүгін Азат Нұрғалиев командасымен бірге ойын алдындағы жаттығуға қатысып, ертеңгі кездесуге дайындалуда.

Айта кетерлігі, жалақылар мен бонустар осы маусым бойы әрқашан уақытында төленіп келді және УЕФА Конференция лигасындағы бонустар да толығымен төленді», - делінген клубтың хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×