«Қайрат» қарымта қайтарды

23.04.2011, 05:30
«Қайрат» қарымта қайтарды
Футболдан Қазақстан кубогының 1/8-финалдық кездесулері өтіп, ј-финалға жолдама алған командалар анықталды. Енді ширек финалдық кездесулер мамырдың 11-і күні өтеді. Естеріңізге сала кетейік, 1/8-финалға премьер лиганың тоғыз клубы және бірінші лиганың жеті ұжымы жолдама алған болатын. Ал ширек финалда премьер лиганың – алты, бірінші лиганың екі командасы өнер көрсететін болады. Ширек финалға жолдама алған бірінші лиганың қос командасы – «Оқжетпес» пен «Сұңқар». Алғашқысы Қарағандыда жергілікті «Гефесттен» басым түссе, Алматының Сұңқары Шымкентте «Тарланды» жеңді. Жалпы, бұл ойынның өте тартысты өткенін айта кетуіміз керек. Бірінші таймда қонақтар Алексей Шапуриннің голынан кейін алға шығып, сол есепті матч соңына дейін ұстап тұрды. Алайда екінші тайм шектен тыс шиеленісті өтіп, ақыры ойынның соңында «Сұңқар» қорғаушысы Андреевтің жүйкесі сыр беріп, алаңнан қуылды. Елордадағы матч бұдан да тартысты, бұдан да шиеленісті өтіп, жергілікті «Локомотив» пен Алматының «Қайраты» көрермендерге тамаша ойын өрнегін сыйлады. Айта кетейік, бұл командалар осыдан алты күн бұрын Алматыда кездесіп, сол кезде де жан­күйерлеріне өте қызықты матч сыйлаған болатын. Ойынның бірінші таймында-ақ «Қайрат» ойыншысы алаңнан қуылып, бір футболшысы кем болса да, алматылықтардың керемет ойнағаны әлі есімізде. Бұл жолы Владимир Никитенко шәкірттері қарымта қайтарды. Негізгі уақыт тең аяқталып, матч соңындағы пенальтиде «Қайраттың» жолы болды. 1/8-финалдың қорытындысы: «Локомотив» (Астана) – «Қайрат» (Алматы) – 1:1, пенальтиден – 2:4. «Тараз» – «Ақжайық» (Орал) – 4:1. «Ордабасы» (Шымкент) – «Қайсар» (Қызылорда) – 2:1. «Тобыл» (Қостанай) – «Атырау» – 3:2. «Қызылжар» – «Ертіс» (Павлодар) – 2:5. «Қазақмыс» (Сәтбаев) – «Шахтер» (Қарағанды) – 0:3. «Тарлан» (Шымкент) – «Сұңқар» (Алматы обл) – 0:1. «Гефест» (Қарағанды) – «Оқжетпес» (Көкшетау) – 0:1.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×