«Қайрат» Қазақстан Кубогінің ширек финалында «Қайсармен» кездесті. Алматыдағы Орталық стадионда өткен матч 3:0 есебімен аяқталды.
Ойындағы алғашқы гол 40-минутта соғылды. Бұрыштамадан асырылған пас Нұралы Әліпке тиіп, Вагнер Лавтың басына дәл келді. Ал бразилиялық шабуылшы ашық қақпаны көздеуде еш қателеспеді. 75-минутта Вагнердің пасынан кейін Хосе Канте есепті еселеді. Ал 94-минутта Рикардо Алвеш ойынның нүктесін қойды.
Қос команда арасындағы жауапты кездесу 27 қазанға жоспарланған.
Біздің серіктес: FONBET