Алматылық «Қайраттың» футболшысы Дино Миканович командада қалғысы келеді, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
Клуб келесі маусымда жалақыны айтарлықтай қысқартуды жоспарлап отыр және кейбір ойыншыларға келісім-шарттарын бұзуды ұсынды.
Хорватиялық қорғаушы клуб басшылығының бұл талаптарын қабылдауға дайын және мансабын «Қайратта» жалғастырғысы келеді. Оның командамен тағы бір жылдық келісім-шарты бар.
Бұған дейін клубтан көптеген ойыншылардың кететіні белгілі болған еді. Олардың қатарында Гафуржан Сүйімбаев, Стас Покатилов, Камо Оганесян, Небоиша Косович секілді ойыншылар бар.
Біздің серіктес: FONBET