«Қайрат» Ресей құрамасының қақпашысымен келіссөздер жүргізуде

01.12.2021, 15:22
Ол биыл алғаш рет Ресей құрамасына шақыртылды.
«Қайрат» Ресей құрамасының қақпашысымен келіссөздер жүргізуде

«Химки» қақпашысы Илья Лантратов «Қайратқа» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Бұған дейін «Қайраттың» ресейлік қақпашыны қатарға қосқысы келетіні хабарланған болатын.

Алматылық команда қазірдің өзінде Ресей Премьер-лигасының топ клубтары қызығушылық танытқан 26 жастағы қақпашымен келіссөздер жүргізуде.

Лантратов бұған дейін «Шинник», «Балтика» және «Факел» командаларында ойнаған. Ал «Химки» сапында 58 кездесу өткізген. Ол биыл Хорватияға қарсы ойында алғаш рет Ресей құрамасына шақырту алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×