"Тараз" Қазақстан Премьер-лигасының соңғы турында Алматылық "Қайратты" минималды есеппен жеңді. Тимур Сегізбаев атындағы стадионда өткен матч 1:0 есебімен аяқталды.
Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды "Тараз" футболшысы Аюб Бацуев соқты.
Еске салайық, "Қайрат" бұл маусымда мерзімінен бұрын чемпион атанған болатын. "Тараз" 23 ұпаймен сегізінші орынға ие болды.