Қостанайлық "Тобыл" Премьер-лиганың 15-турында Алматылық "Қайраттан" оңбай ұтылды. Талғардағы Ұлттық құраманың базасында өткен матч 0:4 есебімен аяқталды.
Ойынның есебін 8-минутта Абат Айымбетов ашты. Қақпашымен жеке-дара шыққан ол допты Мокиннің үстінен асырып тастай салды. 28-минутта Вагнер Лавтың нәтижелі пасынан кейін Гафуржан Сүйімбаев есепті еселеді.
Матчтың 44-минутында Небойша Косович тікелей айып соққысынан гол соғып, есепті 0:3-ке жеткізді. Ал 67-минутта Вагнер Лав қорғаушылардың қателігін сәтті пайдаланып, командасының төртінші голын соқты.
"Қайрат" осы жеңістің арқасында 38 ұпаймен көш басында қала береді. "Тобыл" 23 ұпаймен төртінші орынға тұрақтады.
Біздің серіктес: FONBET