"Қайрат" Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде сербиялық "Црвена Звезда" командасын қабылдады. Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 2:1 есебімен алаң иелері жеңіске жетті.
Кезлесудің 24-минутында Хосе Канте Гафуржан Сүйімбаевтың бұрыштамадан асырған добын баспен қақпаға дәл бағыттап есеп ашты. Алайда ойынның 57-минутында Дино Миканович абайсызда өз қақпасына гол соғып алды. Алаңға қосалқы құрамнан шыққан Маки Баньяк 80-минутта Ян Вороговскийдің пасын ұтымды пайдаланып, командасына жеңіс сыйлады. Матчтың бірінші таймында Небойша Косович пен Гафуржан Сүйімбаев жарақат алуына байланысты, өз орындарын командаластарына босатып берді.
Келесі кезеңге жолдама алатын команданы бір аптадан кейін анықтайтын боламыз. Жауапты матч 29 шілде күні Белградта өтеді.
Біздің серіктес: FONBET