«Қайрат» жастары еурокубоктегі алғашқы ойынында тең түсті

30.09.2021, 03:10
Жауапты ойын 20 қазан күні Алматыда өтеді.
«Қайрат» жастары еурокубоктегі алғашқы ойынында тең түсті

Алматылық "Қайрат" U-19 командасы УЕФА Жастар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта сырт алаңда кипрлік АПОЭЛ-мен 1:1 есебімен тең түсті.

Ойынның 5-минутында Мирас Оматай "Қайратты" алға шығарған болатын. Бірақ 13-минутта Янис Сациас таразы басын теңестірді. Ал кездесудің 31-минутында сары қағаз алған "Қайрат" шабуылшысы Ян Труфанов екі минуттан кейін алаңнан қуылды.

"Кайрат" U-19: Темірлан Анарбеков (қ) – Арсен Азатов, Әділет Садыбеков, Александр Широбоков, Александр Мрынский – Сағи Әнет (к), Мирас Оматай (Жаннұр Көкеев 75), Мирас Көбеев – Ғалымжан Кенжебек (Нұргелді Төлеуханов 66), Арсений Мелещенко (Әлішер Рахымжанов 75), Ян Труфанов;

Қос команда арасындағы жауапты матч 20 қазан күні Алматыда өтеді. Келесі кезеңге өткен жағдайда Кирилл Морунов шәкірттері ПАОК (Грекия) - Жилина (Словакия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×