«Қайрат» жауапты матчта да «Омониямен» тең түсті

10.12.2021, 12:18
Қос команда екі матч өткізіп, бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмады.
«Қайрат» жауапты матчта да «Омониямен» тең түсті

"Қайрат" Конферееция лигасының топтық кезеңінің соңғы турында "Омониямен" кездесті. Кипрде өткен матч 0:0 есебімен аяқталды.

Матчтың 45-минутында алматылық клубтың шабуылшысы Жоао Пауло пенальти орындауға мүмкіндік алды. Бірақ бразилиялық шабуылшының тепкен добын "Омония" қақпашысы қайтара білді.

"Кеше айтқанымдай, ойын оңай болған жоқ. Менің ойымша, біз жеңіске жақын болдық. Бұл матч үшін жігіттерге алғыс айтамын", - деп қорытындылады алматылық клубтың бас бапкері.

Құрбан Бердыев шәкірттері Н тобында екі ұпаймен соңғы орынға ие болды. Ал кипрлік клуб 4 ұпаймен бір саты жоғары тұр. Бұл топтан "Базель" мен "Карабах" плей-офф кезеңіне өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×