«Мақтаарал» тәжірибелі қазақстандық қақпашымен толықпақ

10.12.2021, 00:51
Бұл 37 жастағы қақпашы үшін өте тиімді нұсқа болып табылады.
«Мақтаарал» тәжірибелі қазақстандық қақпашымен толықпақ

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Қызыл-Жардың» қақпашысы Алмат Бекбаев мансабын басқа клубта жалғастырады.

37 жастағы қақпашы өткен маусымда «Қызыл-Жардың» намысын қорғағанымен, Премьер-лигаға жаңадан шыққан «Мақтааралдың» ұсынысын қабыл алды. Бұл қақпашы үшін өте тиімді нұсқа болып саналады. Себебі Бекбаев Шымкентте тұрады, ал «Мақтаарал» өз алаңындағы матчтарын осы қалада өткізуі мүмкін.

Тараптар әлі келісім-шартқа қол қойған жоқ, бірақ ауызша мәміле жасасып қойды. «Мақтаарал» Бекбаевтан басқа тағы бірнеше қазақстандық тәжірибелі футболшылармен келіссөздер жүргізуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×