«РБ Лейпциг» жаңа бас бапкер тағайындады

09.12.2021, 23:48
Неміс маманы бұған дейін ресейлік клубта жұмыс істеген.
«РБ Лейпциг» жаңа бас бапкер тағайындады

Доменико Тедеско «РБ Лейпциг» команданың бас бапкері болып тағайындалды. 36 жастағы неміс маманымен келісім-шарт 2023 жылдың шілдесіне дейін жасалған.

Тедеско соңғы рет «Спартак» клубын жаттықтырды, ол 2019 жылдың қазанынан 2021 жылдың мамырына дейін ресейлік клубта еңбек етті. Тедескомен бірге «РБ Лейпциг» клубына Андреас Хинкель мен Макс Урванчки келеді.

Тедеско бұған дейін «Шальке» мен «Эрцгебирге» командаларын баптаған.

«РБ Лейпциг» 14 матчта 18 ұпай жинап, Германия чемпионатының турнирлік кестесінде 11-ші орында тұр. Команданы бұған дейін Джесси Марш жаттықтырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×