«Қайрат» клубы Алматы қаласының №1 балалар үйіне барып, жетімдермен кездесу өткізді. Жеткіншектер құр қол келмеген «Қайрат» футболшыларын жылы қарсы алып, өз тарапынан ән мен биден тарту етті. Баланың аты бала ғой, қашанда. Қонақ келсе қуанады, шаттанады, тіпті еліріп кетеді…
Спортсмен ағалары үйлеріне мейман боп келген соң тартынып қалмады жеткіншектер. Бар өнерлерін салып домбыра да ойнады, биді де «өлтіріп» тұрып биледі. Балалардың өнеріне таң қалған футболшылар қайта-қайта қол соғып, риза болып отырды. «Қайрат» командасының мұндай мейірімділік акциясы жылда өткізіледі деп жоспарланып отыр. Концерттік бағдарлама біткеннен кейін балалар аты «әгілі» команданың ойыншыларымен әңгімелесіп, шүйіркелесіп біраз сұрақтарын жаудырды. Ықыласпен жауап қайтара отырған ойыншылар мен бапкерлер жетімдерге келесі жолы тағы да келуге уәде берді. Кездесу соңынан «Қайрат» футболшылары қолтаңбалары бар сурет-парақшаларын таратып, балалардың түгеліне бір-бір доптан сыйлады. Әр допқа «Қайрат» футболшыларының қол қойылған.
Олжас НҰРАЗХАН
Біздің серіктес: FONBET