Спалетти: «Бенфика» мықтырақ болды

07.03.2012, 21:30
Спалетти: «Бенфика» мықтырақ болды
       «Зенит» футбол клубының бас бапкері Лучано Спалетти Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы «Бенфикамен» болған ойында португалдықтардың жақсы ойнағандарын мойындады.    «Бүгін «Бенфика» біздің командадан жақсы ойнады, оны мойындау керек. Ойын сапасы жағынан да, алаңда кімнің қожайын екенін де бізге дәлелдеді. Біздің командада психологиялық барьер бар, бірақ біз болашақта бұл проблеманы жоямыз. 2-ші таймда біз ойынды өз қолымызға алғымыз келген. Бірақ, тағы да қайталап айтам, қарсыласымыз бізден күштірек болды»-деп мәлімдейді Уефаның ресми сайты.    Десе де, итальяндық маман Кәрі құрлықтың аясында өтіп жатқан Чемпиондар лигасындағы «Зениттің» плей-офф ойынының нәтижесі бойынша келесі кезеңге өте алмаса да, өз командасына «жақсы» деген баға берді. Естеріңізге сала кетейік, кеше түнде Лиссабонда жергілікті «Бенфикамен» ресейлік «Зенит» Уефа Чемпиондар лигасының 1/8 финалында күш сынасқан болатын. Ойын нәтижесі бойынша, португалиялықтар 2:0 есебімен басым түсті. Гол салғандар: қорғаушы Макси Перейра мен шабуылшы Нельсон Оливейра.

Руслан Бақытжан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×