Хосеп Гвардиола: Неміс командалары оңайлықпен берілмейді

07.03.2012, 22:00
  Хосеп Гвардиола: Неміс командалары оңайлықпен берілмейді
       «Барселона» бас бапкері Хосеп Гвардиола Чемпиондар лигасының 1/8 финалында леверкузендік «Байермен» болатын ойында өз шәкірттеріне немқұрайлы болмауларын айтты.      «Біз жақсы ойын өрнегін көрсетуге тырысамыз. Қорғаныста ойнауға болмайды. Қолымыздан келгенше қарсыласты жеңіп, келесі кезеңге шығуымыз керек.        Немістің кез-келген командасы секілді, «Байер» де ешқашан өліспей беріспейді. Ойын барысында бірнеше гол салып, мәселе шешілді деп отырсаң, олар болса жоқ жерден шабуылдар жасап, біздің тас-қамал қорғанысты бұзып жарып жатады. Сол себепті бұл ойынға немқұрайлы қарауға болмайды. Чемпиондар лигасы – керемет турнир және біз орта жолда қалғымыз келмейді – деп «Барселонаның» ресми сайтына мәлімдеме жасады бас маман.        Барселона – Байер ойыны бүгін түнде «Камп Ноу» стадионында өтеді. Деректерге сүйенсек, 98 мыңдық стадион жанкүйерлерге толы болады деп есептелінуде.

Руслан Бақытжан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Келесі жаңалық
Тағы да төмен...
Серіктес жаңалықтары
×