Тағы да төмен...

08.03.2012, 20:47
Тағы да төмен...
Халықаралық футбол федерациясының рейтінгісінде Қазақстан ұлттық құрамасы 4 сатыға төмендеді деп мәлімдейді ФИФА-ның ресми сайты.      Беранек шәкірттері ФИФА-ның жаңартылған рейтингісінде 142-орынға табан тіреді. Отандастарымыз соңғы бір айда Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында тек бір жолдастық ойын өткізген. Естеріңізге сала кетсек, рейтинг бойынша 78-орында келе жатқан Латвия құрамасымен жерлестеріміз 0:0 есебімен тең түскен болатын. Ойынның алғашқы ширегінде Александр Старков шәкірттері біздің жігіттерге қарсы дөрекі ойнап, бір ойыншысы алаңнан қуылып, қарсыластарына ойынды сәл де болса жеңілдеткендей көрінген. Десе де, Нұрдәулетов бастаған жігіттер латыштардың қорғанысын бұзып өте алмады. ФИФА рейтінгісінде көш бастап тұрған Испания әзірше өз орнын ешкімге бергісі жоқ. 2-орынға Голландия шықса, 3-орынды Германия мықтап ұстап тұр. Бразилия мен Аргентина өз жағдайларын жақсартып, 5-ші және 8-ші орында тұр. Ал көршілес Ресей болса, Данияны сырт алаңда ұтқаннан кейін (0:2) кейін 13-сатыдан 12-ге жоғарылады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×