«Қайрат» клубының бас бапкері Кирилл Кекер «Алашкертпен» болған матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында клубтан кететінін мәлімдеді.
«Өкінішке орай, бізге сәйкес келетін нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмады. Осыған байланысты мен бас бапкер қызметінен кетуді шештім. Клубқа сенім білдіргені үшін және алматылық клубтың бас бапкері болып жұмыс істеу мүмкіндігін бергені үшін алғыс айтамын», - деді Кекер мырза.
Алдағы «Каспиймен» болатын кубоктік матчқа команданы Гавриленко Артем Анатолийұлы дайындайтын болады.
Біздің серіктес: FONBET