«Қайраттың» халі қалай?

11.08.2011, 06:54
«Қайраттың» халі қалай?
Кейінгі жылдары бабы тайған «Қайрат» еліміздің жастар құрамасымен 2:2 есебімен тең түсті. Ұлттық премьер-лиганың алғашқы айналымын тоғызыншы орында аяқтаған алматылық «Қайрат» кеше Қазақстанның жастар құрамасымен бәсекеге түсті.Командаға ағылшындық бапкер келсе де биылғы біріншілікті қалт-құлт етіп өткізіп жүрген оңтүстік астаналықтар үшін бұл ойын бейресми болса да маңызды еді.Сондықтан болар, ойын басталғанға дейін «Қайраттың» негізгі ойыншылары – Шыңғыс Әбуғалиев пен Руслан Балтиевтер белсенді түрде жаттығып жатты.Ал қалған алматылықтардың шеберлігін 30 минуттан тұрған үш таймда байқадық.Ойын жолдастық сипатта болса да төреші ысқырық берген сәттен бастап екі команда да алға ұмтылды.Кездесудегі алғашқы қауіпті сәтте «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Шыңғыс Әбуғалиев ерекше көзге түсті.Гол соғатын мүмкіндік Мұрат Сүймағамбетовте де болды.Бірде қақпашы құтқарса,келесі сәтте шабуылшы қателесті.Алғашқыда тартыстың тізгіні «Қайраттың» қолында болса да бірінші гол жастар құрамасының еншісіне тиді. Кезінде «Астон Вилланы» алға сүйреген Джон Грегори алаңда ұтылып жатқан алматылық шәкірттеріне ағылшынша айқайлаумен болды. Ал екінші жарты сағатта «Қайрат» ойыншылары есепті теңестірудің орнына екінші допты жіберіп алды. «Үшінші» таймда намысқа басқан алматылықтар алдымен есепті қысқартып, ойын аяқталар тұста таразыны теңестіріп кетті.Жергілікті жас жанкүйерлер «Джонни» деп атап кеткен ағылшын бапкеріне Тұманды Альбионда жинаған тәжірибесін қолданатын кез келген сияқты.Себебі, «Қайрат» премьер-лигада осылай ойнай беретін болса,алматылықтардың алысқа бармайтыны анық.Команданың екінші кезең алдындағы дайындығын білу мақсатымен «Қайрат» құрамында жас та болса жақсы өнер көрсетіп жүрген Нұрсайын Жолдасовқа бірнеше сұрақ қойған едік.Нұрсайын Қазақстанның жастар құрамасымен өткізген ойыннан кейін шаршаса да бірден сұхбат беруге келісті. - «Қайратқа» Джон Грегори келгелі қандай өзгерістер болды? - Өзгерістер болды.Әсіресе физикалық тұрғыда көп жұмыс істейміз.Ағылшын бапкері ойыншының физикалық жағдайына жете көңіл бөледі. - Ағылшын бапкері командаға ағылшын футболынан қандай да бір жаңалық алып келе алды ма? - Футбол барлық жерде бір ғой.Көптеген жақсы әрі пайдалы нәрселерді үйретіп жатыр. - «Қайрат» премьер-лиганың алғашқы кезеңінен соң тоғызыншы орында. Бұл жанкүйерлерді қуанта қоймайтыны белгілі.Үздік алтылыққа енуге командаға не жетпеді? - Футбол ойын болғаннан кейін,сенің дегенің үнемі бола бермейді.Үздік алтылыққа ағылшын бапкерінің баптауымен ендігі жылы кіреміз деген ойдамыз. - Екінші кезеңде команданың басты мақсаты не? - Келер жылға команда құрамын сақтап қалу.Футболшылар бір біріне тез үйреніп, үнсіз ұғысатын жағдайға жетіп,алдағы маусымда мықты команда дайындау. - Кезеңаралық үзіліс команда үшін пайдалы өтті деп ойлаймыз.Ойыншылар тынығып,демалған болар.14 тамыздағы «Таразбен» болатын ойынға «Қайрат» қандай дайындықпен бармақ? - Дайындығымыз жаман емес. «Таразды» ұтуға күш саламыз.Оған мүмкіндігіміз жеткілікті.Екінші айналымда турнир кестесінің жоғарғы жағынан орын алуға ұмтылатын боламыз. - Соңғы сұрақ.Қазіргі «Қайрат» бұрынғы «Қайраттың» деңгейіне қайта көтеріле ала ма? - Иншаллаһ, көтерілеміз.Барлығы жақсы болатынына сенемін. Несіпбаев Нұршапағат
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×