«Қайраттың» келесі ойынына жанкүйерлер қатысады

17.05.2021, 03:27
Бұл матчқа кіру тегін болмақ.
«Қайраттың» келесі ойынына жанкүйерлер қатысады

Алматыдағы Орталық стадионда «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасындағы 12-тур матчы жанкүйерлердің қатысуымен өтеді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Кіру тегін, бірақ билеті болу қажет. Стадионға 4500 көрерменнің кіруіне рұқсат етілді, яғни бұл стадионның жалпы сыйымдылығының 20%-ын құрайды. Сондай-ақ барлық көрермендерге ASHYQ қосымшасын жүктеп, оларға алдын-ала өздерінің мәртебесін біліп алу қажет.

2020 жылғы маусымдағы билет иелері мен бірінші тур матчына билеті бар жанкүйерлер («Жетісу») осы және келесі матчқа жіберіледі.

Жанкүйерлер әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет, сондай-ақ міндетті түрде медициналық бетперде тағу қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×