Зайнутдиновтің командасы еурокубок жолдамасынан қағылды

17.05.2021, 04:05
Мәскеулік клуб соңғы 20 жыл бойы тұрақты түрде еурокубок бәсекесіне қатысып жүрген екен.
Зайнутдиновтің командасы еурокубок жолдамасынан қағылды

Мәскеулік ЦСКА РПЛ-дің 30-турында "Динамодан" 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Алаң иелері сапында Вячеслав Грулев дубль жасады, Арсен Захарян бір гол соқты. Ал Наир Тикнизян мен Чидара Эджукенің голы ЦСКА-ны жеңілістен құтқара алмады.

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов жарақатына байланысты бұл матчқа қатысқан жоқ.

Жалпы, осы маусымда Бақтиер РПЛ-да 22 матчқа қатысып, 1 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді.

Осылайша, ағымдағы маусымның қорытындысы бойынша ЦСКА алтыншы орынға ие болып, соңғы 20 жылда алғаш рет еурокубокке қатыспайын деп тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×