Алматылық "Қайраттың" жартылай қорғаушысы Конрад Вжесиньский маусым соңында командадан кетеді. 27 жастағы Польшалық футболшының "Қайратпен" келісімшарты аяқталуға жақын және оны клуб басшылығы жаңартқысы келмейді.
Вжесиньский осы маусымды сенімді бастады, бірақ көп ұзамай негізгі құрамдағы орнын жоғалтып алды. Жалпы, жартылай қорғаушы осы маусымда ҚПЛ-де он матч өткізіп, екі гол соқты, бір нәтижелі пас берді.
Поляк футболшысы "Қайратқа" былтырғы маусым басталар алдында ауысқан еді. Алматылық командаға келмес бұрын ол "Полония", "Мотор", "Видзев", "Погонь" және "Заглембе" клубтарының намысын қорғады. Ойыншының трансферлік құны миллион еуроға бағаланды.
Естеріңізге сала кетейік, "Қайрат" чемпионаттың аяқталуына үш тур қалғанда чемпион атанған болатын.
Біздің серіктес: FONBET