"Қайраттың" қарсыласы "Спортинг"

10.03.2011, 01:27
"Қайраттың" қарсыласы "Спортинг"
«Балуан Шолақ» спорт кешенінде кіші футболдан байрақты бәсеке өтпек. УЕФА туының астында  өтетін бұл турнирге португалияның «Спортинг» және «Бенфика» командаларымен бірге итальяндық «Монтесильвано» ұжымы қатысады. Белгіленген жоспар бойынша сәуірдің 29-ы және 30-ы күндері жартылай финалдар өтсе, 1-мамырда ақтық сын болады. Осы бәсекеге тыңғылықты дайындалу үшін «Қайрат» командасы бірнеше жолдастық кездесулер өткізуді қарастыруда.  Ал бүгін «Қайрат» бразилиялық «Сантос» командасымен жолдастық ойын өткізді, сол кездесудің үзілісінде жартылай финалдардың жеребесі тартылды. Нәтижесінде "Қайратқа" португалияның "Спортингі" қарсылас атанды, ол кездесу 29 сәуір күні сағат 19:30-да өтеді. 30 сәуірде португалиялық "Бенфика" мен италияндық "Монтельсивано" арасында финалға берілетін екінші жолдама сарапқа салынады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×