«Қайраттың» жиынына Өзбекстан мен Нигериядан футболшылар келді

10.01.2016, 18:05
«Қайраттың» жиынына Өзбекстан мен Нигериядан футболшылар келді
Алматылық «Қайрат» футбол клубы жаңа маусымға дайындығын бастады. Алматыдағы оқу-жаттығу жиыны 15 қаңтарға дейін жалғасады, артынша команда Түркияға аттанады. Kazfootball.kz порталының мәлімдеуінше, алматылықтардың жаңа бас бапкері Александр Бородюк командамен танысып, жаңа ойыншыларды бақылай бастаған. Бұл жиынға екі жартылай қорғаушы келді – бірі Өзбекстаннан, екіншісі Нигериядан. Екіншісі украиналық Премьер-лигада өнер көрсеткен екен. Бұл ойыншылардың аты-жөні әзірше белгісіз. Түркиядағы ОЖЖ-ға тағы да бірнеше легионерлер ұшып барады, олардың қатарында ресейліктер де бар.aaaaaaaaaaa
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×