«Қайсар» - «Бананц» кездесуінде төбелес орын алды

13.02.2017, 05:14
«Қайсар» - «Бананц» кездесуінде төбелес орын алды
«Қайсардың» капитаны Мақсат Байжанов армениялық «Бананц» ойыншысының арандатуына беріліп, топтық төбелес тудырды, деп хабарлайды баспасөз Ойынның 29-шы минутында қарсылас ойыншы Мақсаттың арқасынан итерді. Жерлесіміз көп ойланбай есесін берді. Төбелес тек футболшылармен шектелмеді. Екі клубтың бапкерлері мен қосалқы құрам ойыншылары да төбелеске араласып сұмдық болды. Ал бас төреші қазақстандық ойыншыға қызыл қағаз көрсетіп, алаңнан қуды. Айта кетейік, «қасқырлар» аталмыш ойында 2:0 есебімен жеңіске жетті. Нұрсұлтан Оразымбет
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×