Жаңа маман алдымен облыс басшылығымен кейін футболшылармен кездесті. Осыдан соң ол «Қайсар» мен «Байқоңыр» арасындағы достық матчын тамашалады.
Енді 10 тамызда Федор Щербаченко облыс басшылығымен қайта кездесіп, «Қайсармен» келісімшарт жасайды деп жоспарлануда. 52 жастағы бапкер осыған дейін ресейлік «Кубань», «Томь», «Москва», «Балтика», «Губкина», «Ротор» мен «Мордовия» командаларынжа жұмыс істеген. Ал, «Қайсарға» келер алдында арменияның «Улисс» клубын жаттықтырған.