Зидан «Марсель» клубының бас бапкері болуы мүмкін

10.08.2015, 15:23
Зидан «Марсель» клубының бас бапкері болуы мүмкін
"Реал Мадридтың" және Франция құрамасының бұрыңғы жартылай қорғаушысы Зиннедин Зидан "Марсельдің" бас бапкерлігіне басты үміткерлердің бірі. Қазіргі таңда 43-жастағы маман "РМ Кастилья" клубын жаттықтырады.  Франция чемпионатының алғашқы турында "Марсель" 0:1 есебімен "Кан" клубына жол берген болатын. Осы жеңілістен кейін "Марсель" бас бапкері Марсело Бьельса жұмысынан кетті. 9 дүркін Франция чемпиондарының бапкерлігіне Зиданмен қатар, Эрик Герец пен Фредерик Антонеттиде үміткер.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×