«Қайсар» футболшыларына команданың жаңа бапкері ресейлік Федор Щербаченко таныстырылды

10.08.2015, 15:09
«Қайсар» футболшыларына команданың жаңа бапкері ресейлік Федор Щербаченко таныстырылды
Жаңа маман алдымен облыс басшылығымен кейін футболшылармен кездесті. Осыдан соң ол «Қайсар» мен «Байқоңыр» арасындағы достық матчын тамашалады. Енді 10 тамызда Федор Щербаченко облыс басшылығымен қайта кездесіп, «Қайсармен» келісімшарт жасайды деп жоспарлануда. 52 жастағы бапкер осыған дейін ресейлік «Кубань», «Томь», «Москва», «Балтика», «Губкина», «Ротор» мен «Мордовия» командаларынжа жұмыс істеген. Ал, «Қайсарға» келер алдында арменияның «Улисс» клубын жаттықтырған.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×