Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Қайсар" клубының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген командадан кетуі мүмкін. Ол бірден бірнеше ҚПЛ клубтарының қызығушылығын тудырды.
Солардың бірі - тәжірибелі жартылай қорғаушыны жазда қайтаруға тырысқан "Астана". Тагыберген тіпті астаналық клубпен келіссөздер жүргізу үшін Нұр-Сұлтан қаласына ұшып барды, бірақ өзінің туған командасында қалуға шешім қабылдады.
"Қайсардағы" ойыншының болашағы команданың келесі жылы алға қоятын мақсаттарына байланысты. Бас бапкер Стойчо Младенов клубтан кетеді. Ал "Қайсардың" өзі футболшымен қоштасуды жоспарлап отырған жоқ.
Осы жылы Тағыберген Қазақстан құрамасына қайта оралып, чемпионаттың ең үздік жартылай қорғаушысы атағына басты үміткерлердің бірі болды. Ағымдағы маусымда Асхат Премьер-лигада 12 матч өткізіп, төрт гол соқты. "Ордабасымен" өткен ойында ол дубль жасаған болатын.
Біздің серіктес: FONBET