Қызылордалық «Қайсар» Қазақстан Премьер-лигасының бесінші турында Талдықорғандық «Жетісу» клубын минималды есеппен жеңді.
Жалғыз голдың авторы 75-минутта Эльгужа Лобжанидзе болды, ол бесінші турдың ең әдемі голын соқты.
Осылайша, «Қайсар» он ұпай жинап, «Ордабасы» және «Астанамен» екінші орынды бөлісіп тұр. «Жетісу» еншісінде төрт қана ұпай бар.
Біздің серіктес: FONBET