«Қайсар» кіл мықтылар сапында

02.12.2010, 20:01
 «Қайсар» кіл мықтылар сапында
Қазақ еліндегі футбол маусымы мәресіне жеткелі біраз уақыт болды. Коман далар келер жылғы бірін шілікке тас түйін дайындығын бастап кетті. Алдағы жылы үздіктер тобында Қызылорданың «Қайсары» да чемпионат көрігін қыздырады. Қазақ тың қарадомалағы көп атал мыш клубқа жанкүйер қауымның бүйрегі бұрып тұрады. Сол себепті араға жыл салып, шеберлігі жоғары ұжымдар қа та рына қосылған қы зыл­ордалық клубтың алдағы жоспарлары көпшілікті қызықтырары сөзсіз. «Қай сар» командасының басшысы Алаш Өтеуішовпен әңгі ме ні осы тақырыпта өрбіткен едік. – Биылғы маусымды қалай өткіздік деп санайсыз? – Біз үшін басты мақсат премьер-лигаға оралу болатын. Осы мақсат жолында тер төктік. Жолымыз болды. Жолдамаға қол жетті. Қысқасы, нәтижеге көңіл толады деп санаймын. Жігіттер де намысқа тырысты. Жі герлі ойын көрсетті. Әрбір ойынға ма ңыз берді. Бұл жергілікті жанкүйер қауым ның көңілінен шықты. – «Қайсар» алғашқы 11 ойында бір де-бір ұпайды шашау шығарған жоқ. Жанкүйерлер «олар жол да ма ға еш қи налмастан қол жеткізеді» деген еді. Алайда… – Біріншілік басында ондай жағдай кез деседі. Ойын деңгейі қалыпқа келмей жатады. Тартысты ойын маусым ортасынан басталады. «Қайсардың» қаржылық жағ дайы орта деңгейде болды. Дәлірек айт қан да, бюджет 120 миллион теңгені құра ды. Көптеген команданың да жағдайы осы шамалас. Тіпті бізден бюджеті екі есеге көбі де кездесті. Қаржыны ұқыпты жұм сау ға көңіл бөлдік. Бір мәрте ғана ұшақпен ұштық Қызылжар қаласына. Қал ғанына пойызбен бардық. Әйтсе де ойын шы жасақтауға ерекше мән бер­дік. Бір қатар шептерге тәжірибелі фут болшылар келді. – Қандай клубтармен ойын қиынға түс ті? – Әрбір матч оңай бол ған жоқ. Ешкім ұпай үлес тіруге ықы ласты емес. Де генмен «Вос ток», «Спар так», «Сұң қар», «Қы зыл жар» және «Қазақ мыс» клубтары те геу рін ді қар сы лық көрсетті. – Өз командаңыздағы қан дай футболшылар кө ңіл ден шықты? – Ешкімді бөле-жарғым кел мейді. Барлығы да тер төкті. Жақсы қырынан көрсетті. Дегенмен Максим Азовский, Павел Пищулин, Жандос Әметов секілді тә жірибелі ойын­шылар ең бе гін айта кетке німіз артық емес. – «Қайсар» бұрыннан жер гілікті фут бол шы ла ры н а арқа сүйейді. Осының арқасында көп теген та лан тты ойыншылар шықты емес пе? – Оныңыз рас. Биыл біз жас тарға да ерекше мән бердік. Мысалы, Сүйіндік Көшеков, Бағдат Исмаилов секілді жастар жасыл алаң төрінде өз қабілеттерін көрсете білді. Олар тәжірибелі ойын шы лар мен түсінісіп, өрнекті ойын үлгісін көр сетті. – Маусым ортасында қақпашы Ро ман Нестеренконың командадан кетіп қалғаны түсініксіз жағдай болды. Оның сыры неде? – Біз Романға үлкен үміт арттық. Ол – біздің елдегі өте тәжірибелі, деңгейі аса жоғары қақпашының бірі. Оны жан күйер лер жақсы біледі. Рас, оның клубтан кеткені біз үшін күтпеген жағдай еді. Жасырып қай тейін, онымен түсініспеушілік болды. Қаржы мәселесіне байланысты ортақ шешімге келе алмадық. Ол көптеген талап тар қойды. Оның көлденең тартқан талап тарын орындауға жағдайымыз келген жоқ. Сол себепті келісімшарт ертерек үзілді. Мұндай оқиға футболда аз кездес пейді. – Алдағы маусымға жоспар қандай? Алға қандай міндеттер қойып отыр сыз дар? – Қазір команда ойыншылары дем алыс қа кетті. Келесі айда қалаға жиналады. Облыс басшылығы алдымызға мақсат қояды. Осыдан кейін нақты іске кірісеміз. Кейбір шептерге жаңа ойыншылар тар ты луы мүмкін. Жанкүйер көңілінен шығуға тырысамыз. – Сіз көп жылдан бері еліміздің фут бол саласында еңбек етіп ке лесіз. Биылғы премьер-лига ойын да рын қалай бағалайсыз? – Үстіміздегі жылы біріншілік тартысты өтті деп санаймын. «Тобыл» тұңғыш рет чемпиондыққа қол жеткізді. «Ертістің» де екпіні тәуір. Сондай-ақ жылдан-жылға қазақ­стандық ұжымдардың еуропалық кубок ойындарында тәп-тәуір нәтиже көрсетіп жүргені қуантып жүр. – Әңгімеңізге рақмет. Автор: Әділжан ҮМБЕТ, Қызылорда облысы. “Алаш айнасы”
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×