Францияның ең беделді клубтарының біріне айналған "Лионның" түлегі Усман Н'Дойе жыл соңына дейін "Қайсардың" намысын қорғайды
29 жастағы қорғаушы Еуропаның белді клубтарында доп тепкен. Франциялық "Арль Авиньон", түркиялық "Генчлербірлігі", "Самсунспор", "Анкараспор" және Молдовияның бірнеше дүркін жеңімпазы "Шериф" командасында доп тепкен. Орталық қорғаушы жиын барысында бапкерлер көңілінен шығып, "қасқырлардың" жейдесін киді.
"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі
Біздің серіктес: FONBET